+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Елордада дәмханада газ баллоны жарылды: 1 адам қаза тапты

2020 жылғы 21 қараша 13:36
Бөлісіңіз:
Елордада дәмханада газ баллоны жарылды: 1 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жапонияда белгісіз біреу бес адамға пышақ салған Cемейде бір ай бұрын жоғалып кеткен 55 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр Атырау облысында бір күнде екі адам суға кетті

«2020 жылдың 21 қарашасында, сағат 12:25-те Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне дәмхана ретінде жабдықталған коттеджде газ баллонының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті», - деді Талғат Уәли.

Оның атап өтуінше, өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен кезде үйдің ішінде бір қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған.

«Жарылыс салдарынан ас бөлмесінің төбесі опырылып түскен. Алдын ала деректерге сәйкес, қыз үйінді астында қалып қойып, оқиға орнында қаза тапқан», - деді ресми өкіл.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-нің, Апаттық медицина орталығының 21 құтқарушысы мен 5 техникасы жұмыс істеп жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT