Елордада дәмхана өртеніп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Шаймерден Қосшығұлұлы көшесінің бойында Doner house дәмханасы өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Дәл қазіргі уақытта жеке тұрған ғимараттың шатыры жанып жатыр. Оқиға орнына екі өрт сөндіру және бір жедел жәрдем көлігі жеткен.

Өрттің неден шыққан белгісіз.


Дәмхананың өртенгені жайлы ресми ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті де беріп, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жоқ екендігін мәлімдеді.

«Сағат 17-58-де өрттің алды алынып, 18-02-де толық сөндірілді. От шарпыған аумақ 70 шаршы метрді құрайды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қызыл жалынды сөндіруге елордалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 10 маманымен 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - деп атап өтеді комитеттен.

Соңғы жаңалықтар