+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Елордада «Цифрлық үкімет» кеңсесі ашылады

2021 жылғы 25 маусым 16:11
Бөлісіңіз:
Елордада «Цифрлық үкімет» кеңсесі ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында жыл соңына дейін «Цифрлық үкімет» кеңсесі ашылады. Бұл туралы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Аллен Шәйжүнісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада қылмыстық істердің 70% астамы электронды форматта қаралып жатыр Мемлекеттік қызметтер уақыты 5 минутқа дейін қысқартылады - Бағдат Мусин 2022 жылдан бастап 1 сынып оқушыларына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі

«Астана EXPO-2017 халықаралық көрмесінен кейін кешеннің тағдыры не болады деген сұрақ туындады. Сол үшін арнайы талдау жүргізілді. Мақсат – «Астана ЭКСПО -2017» көрме кешенін одан әрі тиімді қолдану. Талдаудың нәтижесінде кешеннің болашақтағы қызметі бойынша 2018 жылдың сәуір айында тұжырымдама әзірленіп, оны Мемлекет басшысы бекітті. Яғни 2020 жылдың ақпан айынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» кешені « QazExpoCongress « деп аталады», - деді Аллен Шәйжүнісов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында.

Елордадағы EXPO іскерлік орталығында барлығы 15 нысан бар.

Олардың қатарында «Нұр-Әлем» болашақ энергиясы мұражайы, Astana IT университеті, халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Astana Hub IT стартаптар технопаркі және басқа да компаниялар бар.

«Одан бөлек, қазіргі уақытта орталық аумағында «Цифрлық үкіметтің» кеңсесі жасалып жатыр. Жаңа кеңсені жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Осылайша бүгінгі күні EXPO орталығы 98 пайыз жұмыс істеп тұр. Яғни біздің базада іскерлік белсенділікті ынталандыру және жетекші даму институттарды тарту үшін толыққанды бизнес орта қалыптасты. Сонымен қатар кешен аумағы кез келген деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, заманауи инфрақұрылым мен экожүйе», - дейді ол.

Бұған дейін «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының басшылығы «Дубай EXPO – 2020» халықаралық көрмесінде Қазақстан павильонының қандай болатынын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT