Елордада бюджет қызметкерлеріне қосымша үстемақы беріледі
2022 жылғы 15 маусым 10:15

Елордада бюджет қызметкерлеріне қосымша үстемақы беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төмен жалақы алатын қызметкерлерге қосымша 30%-дан 100%-ға дейін үстемақы берілмек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ұйым қызметкерлерінің жалақысына ынталандыру үстемақысын беру тәртібі белгіленді. Үстемақы бірнеше сала мен ұйымды қамтиды. Оның ішінде әлеуметтік қорғау саласы бойынша 9 ұйым, денсаулық сақтау бойынша 2 ұйым, жастар саясаты 1 ұйым, тілдерді дамыту және архив ісі 2 ұйым, қорғаныс саласы бойынша 2 ұйым, ішкі саясат 1 ұйым, тұрғын үй 1 ұйым, спорт саласы бойынша 16 және мәдениет саласы бойынша 12 ұйым кіреді», - деді Есет Байкен қалалық мәслихаттың отырысында.

Әкім орынбасарының мәлімдеуінше, жоғарыда аталған ұйым қызметкерлерінің жалақысына 30%-дан 100%-ға дейін үстемақы қосылады.

«Үстемақы мәселесі барлық орталық және жергілікті құзырлы органдармен ақылдасып шешіліп отыр. Себебі бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Осылайша төмен жалақы алатын 4 мыңнан астам қызметкерге үстемақы беріледі. Аталған қажеттілік үшін бюджеттен биылға 1 млрд 256 млн теңге қарастырылған», - дейді ол.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT