Елордада бұрын істі болған 17 жастағы екі қыз ұрлық жасап ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған 17 жастағы екі қызды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа киімдер алмақ болған Киімдерін жаңаламақ болған қос құрбы сауда үйіне келген, алайда алмақ болған заттарын төлеу ойларында да болмаған. Сөйтіп қыздар алдын ала жоспар құрған. Бутикте киім қарап жүрген болып, олардың бірі сатушының назарын аударған. Ал екіншісі витринадағы әйелдерге арналған былғары куртка және футболканы ұрлады. Мұнымен қойма, кешкілік екі құрбы ломбардқа барып, құны 320 мың теңге тұратын «Айфон 11» маркалы ұялы телефонын көрсетуді өтінген. Телефонды алған қыздар сатушының көзі тая бергенде қашып кеткен. Полиция қызметкерлері ұстаған сыбайластар қылмыстарын мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Ұрлық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қырағы болуды, нысандарды бейнебақылау камераларымен жабдықтауды және бейтаныс адамдарға сенбеу керектігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар