+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Елордада бүгіннен бастап 50 орындық дәмханалар жұмысын бастайды

2020 жылғы 25 мамыр 07:24
Бөлісіңіз:
Елордада бүгіннен бастап 50 орындық дәмханалар жұмысын бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада бүгіннен бастап 50 орындық дәмхана мен мейрамханалар жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева шығарған қаулыда айтылғандай 25 мамырдан бастап шамамен 50 адам отыратын орны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмысына рұқсат етіледі.

«Залға 50 орындық қою керек және отыратын орындар арасы 2 метр қашықтықта болуы тиіс. Ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанатты залдардың жұмысына тыйым салынады», - делінген құжатта.

Еске сала кетсек, 18 мамырда елордада сыйымдылығы 30 адамға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істей бастаған. Ол кездегі шарт бойынша, ғимараттың ішкі және жазғы алаңдарын қосқанда, жалпы клиент саны 30-дан аспауы тиіс болатын.

Сондай-ақ, елордада әзірше карантин режимі жеңілдетілмейді. Қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң қатаң сақтауы керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT