Елордада бүгін көктайғақ болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең елордада көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«4 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қатты көктайғақ», делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жолдаған хабарламада.

Еске сала кетсек, еліміздің бірқатар өңірінде желдің күшеюі, қар жаууы, тұман түсіп, көктайғақ болуына байланысты синоптиктер ескерту жариялады. Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақмола облыстарында 4 қараша күні ауа райы құбылмалы болады.

Соңғы жаңалықтар