+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

Елордада «Бозоқ» тарихи-мәдени қорығы ашылады

2019 жылғы 31 шілде 16:03
Бөлісіңіз:
Елордада «Бозоқ» тарихи-мәдени қорығы ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел астанасында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы ашылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазалыда оқушылар Жанкент қалашығындағы археологиялық жұмыстармен танысты Алтын орданың 750 жылдығы туризмді дамыту тұрғысында тойланады - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жошы ханның есімін ұлықтау қажет деп неге айтты

«Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен нәтижелі кездесу болды. Кездесу барысында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын дамыту бойынша бірлескен жоспарға қол қойдық. Нысанның жобалық-сметалық құжаттамасын инфрақұрылымдарды жасақтаудан кейін, яғни 2020 жылы әзірлеуді жоспарладық», - деп жазды әкім өзінің ресми Instagram парақшасында.

Жобаның басты мақсаты – «Бозоқ» қалашығын қалпына келтіріп, археологиялық парк құру.

Сонымен бірге, әкім туризм саласын дамыту мәселелері бойынша бірқатар жобалардың жоспарланғанын жеткізді.

Айта кетсек, Бозоқ қалашығы Астана қаласының аумағында, Бозоқты өзенінің шығыс жағалауында орналасқан. X-XI ғасырларда Бозоқ аймақтың әкімшілік және сауда орталығы, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы қазақ билеушілерінің әскери базасы болған.

Былтыр Астана қаласының әкімі болған Бақыт Сұлтанов Бозоқ қалашығының 3D-моделі жасалатынын жариялаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT