Елордада бойжеткен аялдама шынысын, тұрақтағы көліктердің терезелерін сындырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бойжеткен қыз аялдама шынысын, тұрақтағы көліктердің терезелерін сындырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Жедел басқару орталығына Бөгенбай батыр даңғылы бойында белгісіз бойжеткен аялдама шынысын және жақын маңда тұрақта тұрған көліктердің терезелерін сындырып жатқаны туралы хабарлама түсті. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Анықталғандай, ол кірпішпен аялдама шынысын, кейін Toyota Corolla және Nissan көліктерінің артқы терезелерін сындырған», - делінген Рolisia.kz ақпаратында.

Аталған факті бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«Қоғамдық тәртіпті аса өрескел бұзғаны және өзгенің мүлкін бүлдіргені үшін ұсталған азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Келтірілген залал сомасы анықталып жатыр», - деді Байқоңыр аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Сайранбеков.



Соңғы жаңалықтар