Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

None
None
АСТАНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған шараны «Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау орталығы 2030» мекемесі Астана қалалық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша өткізді. Оған «Bilnex» «Invikta Global», «Сұлутөбе сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Еңбек қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМК  және Астана қалалық ішкі істер департаменті атсалысты. Жалпы осы жәрмеңкеде  11 мекеме  бос жұмыс орындарын ұсынды.

 Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып отырған мекеменің қызметкері Данияр Ниязқұловтың айтуынша, жұмыс іздеушілердің көпшілігі экономика, заң саласының мамандары болса, ал жұмыс берушілерде негізінен техникалық мамандықтарға сұраныс басым. Бұл шара алдағы үш аптаның  бейсенбі күндері  өткізілмек.

Соңғы жаңалықтар