Елордада боранды күндері автобус жолағына шығып кеткен көліктерге айыппұл салынбайды - полиция

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне межелеу сызығын басып өткені үшін және байқаусызда қарсы бағытқа шығып кеткені үшін айыппұл салынбайды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті елорда әкімдігінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Боранды күндері «Сергек» камералары жылдамдықты арттыру бойынша ереже бұзу фактілерін анықтайды. Автобус жолағына арналған межелеу сызығымен жүріп өту және байқаусызда қарсы бағытқа өтіп кетуге қатысты айыппұл салынбайды. Бұл жолдың кей бөлігінде жол белгісінің көрінбеуімен байланысты. Біз айыппұл салған кезде барлығын дәлелдейтін базаны көрсетуіміз керек. Егер бұл межелеу сызығы болса, онда фотосуреттен ереже бұзған уақытта көліктің межелеу сызығын қалай басып өткені көрініп тұруы керек. Қазіргі уақытта мұны көру мүмкін емес», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Шүпеков.

Еске сала кетсек, қолайсыз ауа райына байланысты бүгін елордада төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.


Соңғы жаңалықтар