+7 (701) 759 90 19
USD 375.91 EUR 416.85
RUB 6.10 CNY 54.77
Jańalyqtar

Елордада «бомба қойылған» түнгі клубтан 50 адам эвакуацияланды

2019 жылғы 11 желтоқсан 17:27
Бөлісіңіз:
Елордада «бомба қойылған» түнгі клубтан 50 адам эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері «мина қойылды» деп хабарлама түскен түнгі клубтан 50 адамды қауіпсіз жерге көшірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда жалған хабар берген «телефон террорисі» сотталды Әр балаға - 11 мың теңге: Желіде тараған қауесетке қатысты министрлік түсінік берді Шымкентте Әділет департаменті қызметкерлері борышкерлердің шетелге заңсыз шығуына жол берген

«11 желтоқсан сағат 04.20-да ойын-сауық мекемесіне келген бір әйел «102»-ге қоңырау шалып, белгісіз біреудің Бейбітшілік көшесіндегі түнгі клубқа мина қойып кеткенін айтты. Барлық жедел қызмет түрі дереу оқиға орнына аттанды. Көп өтпей бұрын сотты болған 30 жастағы астаналық тұрғын ұсталды. Ұсталған азамат мас болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен.

Полиция тексерісі барысында түнгі клубтан қауіпті және тыйым салынған зат табылған жоқ. 50-ден астам келуші мен түнгі клуб қызметкері эвакуацияланған.

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары жалған хабарлама таратқан адамның қылмыстық жауапкершілік тартылатынын ескертеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT