Елордада бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпонаты өтеді

None
None
АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Мамырдың 23-і мен 31-і аралығында елордада ҚР Спорт және туризм министрлігі, Азия Бокс конфедерациясы және Қазақстан Бокс федерациясының ұйымдастыруымен бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпонаты өтеді.

Бұл ақпаратты ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Турнирге 20-дан астам елдің былғары қолғап шеберлері шақырылған. Шаршы алаңдағы 11 салмақ санатындағы бәсекелер ASBC ережелеріне сәйкес әрі Азия Бокс конфедерациясының техникалық ресми тұлғаларының қадағалауымен өтеді.

Қатысуға өтініш берген командалардың құрамында Әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар.

Мамырдың 24-інде сағат 16.00-де чемпионаттың ашылу салтанаты болады, ал сағат 17.00-ден бәсекелер басталады. Мамырдың 27-сінде - ширек финал, 29-ында - жартылай финал, 30-ында - финалдық бәсекелер өтеді.

Әйелдер боксы 2012 жылы өтетін Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгізілді, Азия чемпионатының Қазақстанда өтуі әйелдер боксының бүкіл әлемде танылғанын айғақтайды.

«Чемпионат аясында екі халықаралық комиссияның: Азия Бокс конфедерациясы Әйелдер комиссиясының және Азия бокс комиссиясы Жарыстар жөніндегі комиссиясының мәжілістері өтеді. Осынау беделді спорттық шараларға - Азия Бокс конфедерациясының президенті Жан Пинг Чанг, АБК Атқарушы директоры Гуожэнг Жэнг, Қазақстанның, сонымен қатар жарысқа қатысушы елдердің министрліктері мен спорттық ұйымдарының өкілдері қатысады деп күтілуде», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар