+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Елордада BMW 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды

2021 жылғы 17 сәуір 00:02
Бөлісіңіз:
Елордада BMW 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елордада «BMW X5» көлігі 4 жасар сәбиді қағып кетіп, мерт қылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СІМ Грузияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық бойжеткен жайлы мәлімет таратты Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз аман-есен табылды ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 180-нен астам адам жауапқа тартылды

«16 сәуір күні сағат 19.21-де 102 каналына Сарыарқа даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласында баланы көлік қағып кеткені туралы хабарлама түсті. «BMW X5» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі алға жылжып келе жатып, самокатпен сырғанап жүрген 4 жасар сәбиді қағып кеткені анықталды. Сәби алған жарақатынан қаза тапты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша оқшаулағышқа қамалды», - деді ведомстводан.

Осыған орай Полиция департаменті жүргізушілерге тұрғын үй аумағында және аулаларда жүрген кезде барынша сақ болуға шақырады. Көлік құралдарын үйге кіре берістен балалар ойын алаңына дейінгі бағдарға көліктерін қоймау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының қаперіне оларды қараусыз қалдырмауға және жол бойында ойнау қауіпті екендігін ескертуге кеңес береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT