Елордада бизнес субъектілерінен тұрақты түрде пара алып келген бөлім бастығы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық шағын және орта бизнес субъектілерінен тұрақты пара алған бөлім бастығы ұсталды.

Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердлин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деді ол.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, ол қоғамдық тамақтану нысандарына жоспарлы тексерулер бойынша оң шешім, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес субъектілерінен жалпы сомасы 75 мың теңге параны тұрақты түрде алып отырған.

«Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда», - деді А.Бердалин.

Соңғы жаңалықтар