Елордада биыл 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 2021 жылы 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Қала әкімі Алтай Көлгінов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта қалада тұрғын үй кезегінде 48 мыңнан астам адам тұр. Былтыр қалада 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Оның 80% – жеке инвестиция. Биыл бұл көрсеткішті 3,2 млн-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

«Мемлекет басшысының қолжетімді тұрғын үй санын, құрылыс көлемін үш есеге арттыру туралы тапсырмасы болды. Өткен жылы біз бұл үдеден шыға білдік. Мысалы, жеңілдікпен берілетін пәтер алушылар санатын кеңейттік. Енді әлеуметтік пәтерлерге тек медицина қызметкерлері мен мұғалімдер ғана емес, әлеуметтік саланың басқа да өкілдері, өрт сөндірушілер, мәдениет және спорт қызметкерлері, полиция қызметкерлері де қатыса алады. Ал тұрғын үй сертификаттарының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін арттырдық. Жастарға келетін болсақ, Елбасының бастамасымен елордада «жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы екі жылдан бері жүргізіліп келеді», - дейді әкім.

Нұр-Сұлтанда 2019 жылы 2 900 әлеуметтік пәтер берілсе, 2020 жылы 7 мыңнан астам пәтер табыс етілді. Ал биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі әлеуметтік нысандардың «қадамдық қолжетімдігін» қамтамасыз етуді басты мақсат етіп қойған болатын. Алтай Көлгіновтің айтуынша жаңа тұрғын үй кешені салынып беріле салмай, бірінші қабаттарында «үй маңындағы дәрігер» медициналық мекемелерін ашылады. Олардың қатарында оңалту орталығы, балабақша, медициналық көмек көрсету пункті, полицияның тірек пункті және тағы басқа әлеуметтік нысандар бар.

Соңғы жаңалықтар