Елордада бітімгершілік технологиялары бойынша БҰҰ симпозиумы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен бітімгершілік технологиялардағы серіктестік бойынша БҰҰ-ның бесінші симпозиумының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғаш рет Қазақстанда «Болжам. Қорғаныс. Алдын алу (Predict, Protect, Prevent)» тақырыбында ҚР Қорғаныс министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығымен бірлесе ұйымдастырылған бітімгершілік технологиялардағы серіктестік бойынша БҰҰ-ның бесінші симпозиумы басталды.

ҚР Қорғаныс министрінің шақыртуы бойынша симпозиумға БҰҰ Бас хатшысының жедел дайындық жөніндегі орынбасары Атул Харе және бітімгершілік операциялар бағытындағы орынбасары Жан-Пьер Лакруа қатысып жатыр.

Өткізіліп жатқан іс-шара БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін одан әрі жетілдіру аясында өзекті мәселелерді қарастыру үшін тиімді алаң болып саналады. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында анағұрлым қауіпсіз және тиімді қызметке ықпал ететін технологиялық тетіктер мен тың жаңалықтар бойынша бірқатар ұсыныстар енгізуге ниетті.
null

«Симпозиум бітімгершілік қызметтің барлық қатысушылары арасында тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыруға, бұған зерттеу және талдау орталықтарын тартуға мүмкіндік береді. Бұл өзге елдердің тәжірибесін зерделеуге, сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттер қандай инновациялық идеяларды енгізіп жатқанын білуге мүмкіндік туғызады. Аталған шараның ұйымдастырылуы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасының тұрақты емес мүшелігінің қисынды аяқталуы болмақ, сондай-ақ болашақ қазақстандық бітімгершілік бастамаларды ілгерілетуге ықпал етеді», - деп аталып өткен ҚР Қорғаныс министрлігі мәліметінде.
null

Естеріңізге сала кетейік, бітімгершілік бойынша БҰҰ-ның симпозиумдары 2014 жылы Италияда, 2015 жылы Аустрияда, 2016 жылы Оңтүстік Кореяда және 2018 жылы Германияда өтті.

Соңғы жаңалықтар