+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Елордада бірнеше көпір салынады

2020 жылғы 19 қаңтар 15:31
Бөлісіңіз:
Елордада бірнеше көпір салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қала тұрғындарымен және бизнес ұйымдар «Нұр-Сұлтан - тұрғындарға жайлы қала» атты елорданы одан әрі дамыту жоспары талқыланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Басқосуда жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасау, көпорталыққа бағытталған тәсілдерді енгізу, көшелердің автокөліктер жүретін жолдарын кеңейту, веложолдарды ұлғайту, көпірлер салу және қаланы дамыту бойынша басқа да өзекті мәселелер қозғалды.

Урбанистика орталығының басшысы Асхат Садуовтың айтуынша, елорданы одан әрі дамыту жоспары стратегиялық және тактикалық мақсаттарды қамтиды. Қазіргі таңда елорда инфраструктурасына қарасақ, әр ауданның өз орталығы бар. Бұл дегеніміз қаламыздың көпорталықты болуы. Қызмет алу не бос уақытты өткізу үшін қаланың басқа шетіне барудың қажеті жоқ, тұрғындарға қажет барлық жерлер жақын жерде орналасады.

«Мәселен, орталықтар арасындағы басты кедергі - өзен үстінде көпірлердің болмауы. Орталықтарды байланыстырып тұратын көпірлер санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Көпірлер Тәуелсіздік даңғылы, Ұлы Дала, Қорғалжын тас жолы, Қабанбай батыр және Тұран даңғылында салынады. Мысалы, Бейбітшілік көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын кеңейтіп, абаттандырамыз. Сонымен қатар жайлы шағын кафелер ашылып, жасыл желектер егіледі. Еуразия аумағы да бірінші кезеңде қамтылады. Осы қағидатқа сүйене отырып, басқа да көшелерді қайта жаңартып, арт-нысандарды орнатып жатырмыз», - деді Асхат Садуов. Осылайша, қалада 54 қоғамдық кеңістік абаттандырылады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан тұрғындары «бюджетке қатысу» жобасының үлгісі бойынша өздері орталықта не ашу керектігін шешетін болады. Бұдан бұрын бағдарлама пилоттық режімде «Сарыарқа» ауданында іске қосылып, үлкен тиімділікті көрсетті. Биыл жоба қаланың барлық аудандарында іске қосылады. «Қоғамдық кеңістікті дамыту» бағдарламасы қала тұрғындарының өмірін одан әрі жақсарту үшін маңызды. Бұл бағдарлама жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасауға, тұрғындардың бос уақытын денсаулық үшін пайдалы өткізуіне үлкен септігін тигізбекші. Мысалы, қолданыстағы ипподром базасында иппотерапиямен айналысу үшін жабық манеж ашылатын болады. Сол жерде ұлттық және классикалық спорт түрлерін дамытып қана қоймай, сонымен қатар ат серуендері ұйымдастырылады. Сондай-ақ елорданың жасыл белдеуін бойлай қала тұрғындары жазда велосипедпен, қыста шаңғымен және т. б. сырғанау үшін веложолдар аумағы абаттандырылады. Қоғамдық кеңістікті қала тұрғындарының пікірін ескере отырып дамытамыз, скверлер мен алаңдар тұрғындар қажет деп шешкен жерлерде орналастылады«, - деп атап өтті қала әкімі Алтай Көлгінов.

Кездесу барысында қаланың белсенді тұрғындары қаланы дамыту бойынша өз ой-пікірімен бөлісті.

Айта кеткен жөн, «Нұр-Сұлтан - тұрғындарға жайлы қала« атты елорданы одан әрі дамыту жоспарын талқылауға әр тұрғын қатыса алады. Осындай кездесулер алдағы уақытта да өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Құрылыс, Әкімдік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT