Елордада бірнеше қоғамдық көліктің бағдары уақытша өзгерді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бірнеше қоғамдық көліктің бағыттары өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы Instagram желісіндегі парақшасына жазды.

«Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы № 5, 5А, 7, 12, 20, 21, 25, 31, 40, 71, 72 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен таныс болады», - деп жазған ведомство төмендегі картаны ұсынған.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі учаске жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Оның алдында екі көше жартылай жабылған.


Соңғы жаңалықтар