Елордада бірнеше ғимаратқа «бомба» қойылғаны туралы хабарланды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астананың бірнеше ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат елді дүрліктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 23 тамыз күні сағат 03:50-де авиациялық қауіпсіздік инспекторы «102» арнасына қоңырау шалып, әуежайдың электронды поштасына астанадағы соттардың барлық ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскенін айтқан.

«Сағат 09:11-де «Парк INN» қонақүйіне, емханаға, сонымен қатар «Mega Silk Way» сауда, ойын-сауық орталығына бомба қойылғанын туралы дәл сондай хабарлама түсті. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ», - деп атап өтеді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар