Елордада бірнеше автобустың бағдары уақытша өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада көшедегі жөндеу жұмыстарына байланысты № 18, 28, 50, 52, 53, 60, 61 бағыттарындағы қоғамдық көліктердің бағыттары уақытша өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сауран көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты № 18, 28, 50, 52, 53, 60, 61 бағдарларының қозғалыс сызбасына уақытша өзгертулер енгізілді. Өз бағдарларыңызды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - деп жазды City Transportation Systems компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасына.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.


Қозғалыс үлгілері: City Transportation Systems компаниясы




Соңғы жаңалықтар