Елордада бірқатар көше танымал тұлғалардың есімімен аталады
2022 жылғы 15 маусым 15:12

Елордада бірқатар көше танымал тұлғалардың есімімен аталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше көше және саябаққа танымал тұлғалардың есімін беру мәселесі қалалық мәслихат отырысында қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылғы 28 сәуірде өткен қалалық ономастика комиссиясының отырысында елордада бірқатар көше мен саябаққа атау беру мәселесі қаралды. Оның ішінде Алматы ауданындағы А №24 көшеге Орал Мұхамеджановтың есімін беру, А №40 көшеге Нұрлан Балғымбаевтың атын беру, А №62 көшеге Сафуан Шаймерденовтің есімін беру қарастырылып отыр. Сол сияқты Абылай хан даңғылындағы Дина Нұрпейсованың ескерткіші орналасқан саябаққа «Қазақ елінің күйшілері мен күйші-композиторларының» аллеясы деген атау беру ұсынылады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәслихат отырысында жасаған баяндамасында.

Сондай-ақ Есіл ауданы бойынша №202 көшеге Нұркен Әбдіровтің, Е №101 көшеге Олжабай батырдың, Е №111 көшеге Шерхан Мұртазаның, Е №324 көшеге Дүкенбай Досжанның, Е №325 көшеге Еркеғали Рахмадиевтің, Е №357 көшеге Александар Сызғановтың, Е №486 көшеге Еркін Әуелбековтің, Е №576 көшеге Қанай бидің, Е №577 көшеге Хамза Есенжановтың, Е №578 көшеге Бопай ханымның, Е №579 көшеге Қайреден Қарбаевтың, Е №580 көшеге Сабыр Ниязбековтің, Е №582 көшеге Бертіс бидің, Е №607 көшеге Құрман Тастанбековтің, Е №608 көшеге Шолпан Жандарбекованың, Е №757 көшеге Ақселеу Сейдімбектің, Е №758 көшеге БАӘ-нің бұрынғы президенті Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның, Е №889 көшеге Барлыбек Сырттанұлының, Е №890 көшеге Ермұқан Бекмахановтың, Е №898 көшеге Тұрсынбек Кәкішевтің есімін беру ұсынылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай қаладағы бірқатар білім беру ошағына елімізге танымал тұлғалардың есімін беру ұсынылған еді. Сондай-ақ шағын саябақты Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның есімімен атау ұсынысы жасалды.




Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT