Елордада бір топ жігіт жанармай құю станциясының дүкенінен тәтті ұрламақ болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда бір топ жігіт оператордың жоқтығын пайдаланып, жанармай құю станциясының дүкенінен тәттілер мен сусындар ұрламақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция таратқан деректерге қарағанда, оқиға, түнде Бөгенбай батыр даңғылындағы жанармай құю станциясында болған. «Нива» маркалы көлік мінген жастар оператордың жоқтығын пайдаланып, тәттілер мен сусын ұрламақ болғанда түнгі кезекшіліктен үйіне қайтып бара жатқан тәрі сақшыларының көзіне түскен. «Сарыарқа» ауданының полиция қызметкерлері Құдайберген Бегімбетов пен Орманов Жүнісбек күдіктілер тобын көріп қалып, олардың соңдарына түскен. Тәртіп бұзушыларды ұстауға патрульдік полиция экипаждары қосылған. Қалада «Тосқауыл жасау» жоспары енгізілді.

Жүргізуші қызметкерлердің тоқта деген талабын елемей, жылдамдықты барынша арттырып, ізін суытуға тырысқан. Алайда күдіктілердің көлігі Сейфуллин – Күмісбеков көшелерінің қиылысында тоқтатылды. Көліктен шыққан жігіттер тұра қашқан.

Патрульдік полиция қызметкерлері оларды жаяу қуған. Оларды ұстау кезінде тәртім сақшылары күш қоддануға мәжбүр болған. 21-28 жас аралығындағы жігіттер аудандық полиция бөліміне жеткізілді, тергеу жүргізілуде. Белгілі болғандай, бұл аудандағы жанармай станциясына жасалған екінші ұрлық. Бұған дейін бір сағат бұрын жігіттер дәл осылай басқа жанармай құю бекетін тонап кеткен. Олардың бірі ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүргені анықталды.

Күдіктілердің автокөлігінен ұрланған азық-түлік пен тәттілер тәркіленді.


Соңғы жаңалықтар