+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Елордада бір тәулікте 70-тен астам көлік оқиғасы тіркелді

2019 жылғы 10 қараша 11:21
Бөлісіңіз:
Елордада бір тәулікте 70-тен астам көлік оқиғасы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тұрғындарды автокөліктерін жол жиегіне қоймауды сұраймыз. Жол жиегіне қойылған көлік қар тазалайтын техниканың жұмысына кедергі келтіреді», - делінген департамент хабарламасында.

Белгіленбеген орындарға қойылған көлік құралдары эвакуаторлардың көмегімен айыппұл тұрағына жеткізілмек.

«Жүргізушілер жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауына, жол белгілерінің нұсқамаларын орындауына және шұғыл әрекеттер жасамауына, қыс мезгілінде тозған және «жазғы» резеңкеде жүрмеуіне ерекше назар аударулары қажет», - деді ведомстводан.

Бір тәулік ішінде елорда жолдарында 70-тен астам жол көлік оқиғалары тіркелген, 1 адам дене жарақатын алған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT