+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елордада бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

2021 жылғы 21 шілде 13:26
Бөлісіңіз:
Елордада бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бір күнде екі бала үйдің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордалықтар карантинге қарамастан қыз ұзату, мерейтой өткізген Қызылордада құтқарушылар көлік ішінде қысылып қалған адамды шығарды Түркияда өртенген үйлердің барлығы қайта салынады

20 шілде күні полицияға көптеген жарақат алған 2 жасар сәбидің қалалық балалар ауруханасына түскені туралы хабар келген. Күндізгі уақытта баланың анасы қызын үйде жалғыз тастап, дүкенге шығып кеткені анықталды. Ашық қалған терезенің алдына тырмысып шыққан бала москит торына тіреліп, содан кейін 4 қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Дәл сол күні 1-қабаттың балконынан 4 жасар бала құлап кеткен. Абырой болғанда, бала ауыр жарақаттар алмаған. Пәтерде бүлдіршін үлкендермен бірге болған. Оның ата-анасы ас үйде тамақ ішіп жатқанда, бала келесі бөлмеде ойнап отырған.

Полицияда атап өткендей, жыл басынан бері елордада көп қабатты үйлердің терезесінен 13 бала құлап кеткен, біреуі көз жұмған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT