Елордада бір кент пен екі көше бойында су беру тоқтатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада бірқатар көше бойындағы үйлерге ауыз су беру тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана су арнасы» МКК-ге сілтеме жасап.

Коммунальдық кәсіпорынның мәліметінше, жоспарлы жұмысты жүргізуге байланысты Қарасай батыр көшесі, Өндіріс кенті, Б. Момышұлы даңғылы бойындағы кейбір нысандарға ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
18 мамырда сағат 10.00-ден бастап сағат 19.00-ге дейін Қарасай көшесіндегі 6, 15-ші тұрғын үйге, тұрғын үй нысанына жатпайтын Қарасай көшесіндегі 2, 19-үй; Шынтас көшесіндегі 1а, 1а к1,1а к2, 1а к3, 1а к4, 1а к5, 1/1, 1/1 к1, 1/1 к2, 1/1 к2 –үйге су берілмейді.
18 мамырда сағат 10.00-ден бастап 19.00-ге дейін тұрғындар тұратын Б.Момышұлы даңғылы 13а, 13/1, 13/2, 13/3, 15, 15а, 15/2, 15/3, 17, 17а, 17/1, 17/2-үйге және тұрғын үй нысанына жатпайтын Б.Момышұлы 13-үй (қонақ үй кешені),15/1-үйде (балабақша) су беру тоқтатылады.
18 мамырда сағат 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін өндіріс кентіндегі тұрғын үйлерге: Атамұра, М.Шоқай, Көкарал, Құлагер, Бәйшешек, Наурызым, Көкжелек, Шарбақты, Игішев көшелеріндегі үйлерге су беру тоқтатылады.
«Тұтынушыларға суды жинап алуды сұраймыз. Сонымен бірге су әкеліп беріледі. Су жеткізетін көлік қай жерге келетінін мына нөмірден 76-76-76 сұрап білуге болады», делінген «Астана су арнасы» таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар