Елордада білім саласындағы вакансиялардың жәрмеңкесі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 тамызда елордадағы «Жастар» сарайында білім беру саласы қызметкерлеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңке сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша орналасқан «Жастар» сарайының фойесінде өтеді. Онда бос жұмыс орындарын 100-ге жуық жұмыс беруші ұсынады.

Сондай-ақ оқу орындарының түлектері ақы төленетін жастар практикасына қатысу туралы ақпарат ала алады. Бұдан бөлек, жәрмеңкеге келушілердің алдын ала әңгімелесуден өтуге, түйіндеме толтырып, оны жұмыс берушілерге қалдырып кетуге мүмкіндіктері болады.


Соңғы жаңалықтар