Елордада білім саласындағы тапшы мамандар белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тамыз айында әрбір сенбі сайын білім мекемелерінің қызметкерлеріне арналған еңбек жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Астанада балабақша тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі, орыс және ағылшын, әдебиет, математика пәндерінің ұстаздары жетіспейді. Тамыз айының әрбір сенбісінде осы тапшы мамандарға арналған еңбек жәрмеңкесі өткізіледі.

Алғашқы жәрмеңке 11 тамызда №31 мектеп-гимназия (Кенесары көшесі 49) және №84 мектеп-лицейінде (Ұлы дала даңғылы 7/1) өткізіледі.

Жәрмеңке сағат 10:00-де басталып сағат 13:00-де аяқталады.

Айта кетерлігі, еңбек жәрмеңкесі әрбір сенбі ұйымдастырылады (тамыз айының 11, 18, 25). Қазіргі уақытта қалада балабақша тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі, орыс және ағылшын, әдебиет, математика пәндерінің ұстаздары тапшы.

Елорда мектептерінде жас педагогтар үшін басты ынталандырушы себеп - хостел немесе жатақханадан орын берілуі. Ары қарай жас ұстаздардың отбасыларына арналып шағын пәтерлер салу көзделіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар