Елордада білім берудің әлемдік мәселелеріне арналған халықаралық конференция басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Назарбаев Университетінде «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы мен Назарбаев университеті ұйымдастырып жатқан шараға АҚШ, Нидерланд, Гонконг, Польша,Ресей, Эстония, Әзербайжан елдерінен және UNESCO сарапшылары қатысады.

Конференция «Үздіксіз білім беру және жаһандық әлемнің сын-тегеуріндері», «Өмір бойы оқу контексіндегі көптілді білім беру», «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі цифрландыру», «Формалды, формальды емес, информалды білім беру» сияқты төрт бағыт бойынша 2 күн жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар