Елордада BI Marathon өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 мамыр күні елордада үшінші қайырымдылық BI Marathon өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірнеше жыл қатарынан оындай шараға ұйытқы болып келеміз. Жылдан жылға қатысушылар саны арта түсуде. Мәселен, алғашқы марафонға 1700 адам қатысса, өткен жылы олардың саны 4500-ге жетті. Ал қазірдің өзінде марафонға қатысу үшін тіркелгендердің саны - 5600. Тіркеу аяқталғанша тағы да 500 адам қатарға қосылады деп ойлаймын», - деді аталған марафонның өтуіне арналған баспасөз мәслихатында BI Group холдингі Директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев.

Оның атап өтуінше,  марафонға қатысу үшін төленетін жарна толығымен «BI-Жұлдызай» қоғамдық қорына аударылатын болады.
null 

«Қор 2004 жылы құрылып, ерекше қажеттілігі бар балаларға қаржылай және әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыра бастаған еді. Одан кейін медициналық жобаларды жүзеге асыра бастадық. Бірінші кезекте неге назар аударамыз? Бізде церебальды сал ауруына шалдыққан балалар көп және ерте кезден оларды емдеп, сауықтыру шараларын қолға алмаса үлкен проблема туындауы мүмкін.  Бұған қоса біз «тәлімгерлік» бағдарламасын қолға алдық. Өйткені, бізге жүгінгендердің барлығын шетелге апарып емдету мүмкін емес. Сондықтан шетелдік білікті дәрігерлерді Қазақстанға шақырайық деген шешім қабылдадық. Елордамызда өте керемет медициналық мекемелер, заманауи құрал-жабдықтар бар. Яғни, күрді оталарды  елімізде де жасауға болады», - деді өз кезегінде  «BI Жұлдызай» қоғамдық қоры директорының орынбасары Алтынай Тәңірбергенова .

null

Соңғы жаңалықтар