Елордада Бейсекова мен Тілендиев көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ш.Бейсекова және Н.Тілендиев көшелерінің қиылысы 28 сәуірде сағат 21:00-ден 29 сәуір сағат 07:00-ге дейін жол жөндеу жұмысына байланысты жартылай жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елорда полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмысын жүргізуде. Осыған байланысты Ш.Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысы осы жылдың 28 сәуірі сағат 21:00-ден 29 сәуір сағат 07:00-ге дейін жартылай жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар