+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Елордада бес жыл ішінде 50-ге тарта мектеп салынады

2019 жылғы 24 желтоқсан 18:29
Бөлісіңіз:
Елордада бес жыл ішінде 50-ге тарта мектеп салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы бес жылда Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге тарта мектеп салынады. Бұл туралы елорда тұрғындарымен кездесуінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім саласына қатысты бірқатар тапсырамалар берген болатын. Біріншіден, мұғалімдердің мәртебесін көтеру, екіншіден, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ ауыл және қала мектебінің арасындағы айырмашылықты азайту. Жақында ғана Үкіметтің отырысында 2020-2025 жылдарға арналған білім саласын дамыту жөнінде мемлекеттік бағдарлама мақұлданды. Оған қоса, қазір Парламентте ұстаздар мәртебесі туралы заң жобасы талқылануда. Біздің ойымызша, жылдың аяғына дейін бұл құжат қабылданады. Екі үлкен құжаттың мақсаты – барлық жерде апатты жағдайдағы, үш ауысымдағы мектептерді жою. Осы орайда ел аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасады», - деп тоқталды Б. Сапарбаев.

Оның сөзіне қарағанда, кем дегенде алдағы бес жылда елордада 47 мектеп салу жоспарланған. Осы орайда 2020 жылы шаһарда 12 мектеп салынатын болады.

«Сонымен қатар, мұғалімдердің жалақысын көтеру туралы тапсырма берілді. Бұл ретте бюджетте қаржы қарастырылды», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Айта кетейік, елорда тұрғындарымен кездесуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT