Елордада «Берекелі баспана» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Тұрғын үй қоры» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Берекелі баспана» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

Бағдарламаға «әлеуметтік жағынан осал» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар қатысады. Оларға Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары, кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер, жетім балалар немесе ата-анасының қарауынсыз қалған азаматтар, толық емес отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, оралмандар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан баспанасынан айырылғандар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары жатады.

Пәтерлер жекешелендіру құқығынсыз, жалдамалы негізде беріледі. Бастапқы жарна енгізудің қажеті жоқ. Бір және екі бөлмелі барлығы 148 баспана үлестіріледі.

Құжаттарды қабылдау 6-12 тамыз аралығында жүргізіледі.

Талаптар - тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаждар тізімінде «әлеуметтік жағынан осал топтар» санатында тіркелген болу.

Құжаттарды қабылдауды «Тұрғын үй қоры» КММ Р.Қошқарбаев даңғылы, 39 (Қошқарбаев-Жұмабаев қиылысы, «Барыс» ТК аялдамасы) мекенжайы бойынша іске асырады .

Соңғы жаңалықтар