+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Елордада белгілі эколог Мұсағали Дуамбеков атындағы аллея ашылды

2021 жылғы 10 мамыр 16:21
Бөлісіңіз:
Елордада белгілі эколог Мұсағали Дуамбеков атындағы аллея ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана төрінде белгілі экология сарапшысы, Қазақстан Республикасының Халықаралық экология академиясының президенті болған Мұсағали Дуамбектовтың атындағы аллея ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстаулық жас шебер ат әбзелдерін жасайды Елордада Талдыкөл көлін қоқыстан тазарту экологиялық акциясы өтті Түркия азаматы елордадағы қонақүйлердің бірінде ұрлық жасап, ұсталды

Аллеяның ашылуына ғалымның туған-туыстары, ізінен ерген шәкірттері, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, белсенділер мен өнер майталмандары қатысты. Нұр-Сұлтан қаласының Панфилов көшесіндегі «Городской Романс» тұрғын үй кешенінің тұсындағы саябаққа Мұсағали Дуамбековке арналған мемориалдық тақта да қойылды.

Еске алу шарасын Мұсағали Дуамбектовтің сыйлас досы Мұрат Әбенов жүргізді.

«Ағамыздың ойында көптеген мақсаттары бар еді. Қолға алған жобалары да көп болатын.Табиғатты қорғау ісінде бәріміздің басымызды біріктіріп жүретін. Міне бүгін еске алу шарасының арқасында тағы да басымыз қосылып отыр. Ол тек ғылы мен мемлекеттік қызметте ғана емес, өнерде де өз орны бар тұлға болды. Лауазымды қызметтерді де абыроймен атқарды. Алғаш болып экологиялық қозғалыс құрғандардың бірі осы ағамыз болатын. Табиғатқа араша түсу үшін шындықты қорықпай айта білді. Биыл тірі болса, 60-қа келер еді. Осының бәрін ескеріп, жақындары мен дсотары Мұсағали Дуамбековке құран бағыштап қана қоймай, атына аллея ашсақ деп шештік. Бүгін саябаққа егетін көшеттер ол бастаған істің аяқсыз қалмағанын көрсетеді», - деді Мұрат Әбенов.

Режисер Талғат Теменов те Мұсағали Дуамбековтің қоршаған ортаны қорғау жолындағы еңбегі ұшан-теңіз екенін еске алды.

«Мұсағалидың негізгі мамандығы эколог деп жатырсыздар ғой. Ол табиғат-ананы күрекпен емес, жүрекпен қорғаған азамат еді», - деді өнер қайреткері.

Ғалымның жары, Қазақстан Республикасының Халықаралық экология академиясының қазіргі президенті Айгүл Әбдуалиева шараға жиналған халыққа және аллеяның ашылуына мұрындық болған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Қазақстанның табиғатты қорғау ұйымдарының қауымдастығына, Халықаралық Экология академиясының ұжымына әулет атынан алғыс айтты.

Мұсағали Дуамбеков - қоғам қайраткері, экологиялық сарапшы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Халықаралық экологиясы академиясының президенті.

Сонымен қатар, әр жылдары түрлі лауазымды қызметтерді атқара жүріп, Қазақстанның Азаматтық альянсының вице-президенті, Қазақстан Республикасының Халықаралық «Еуразия» академиясының академигі, Қырғызстан Республикасы Халықаралық дәстүрлі және эксперименттік медицина академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндег Агенттігінің арнайы мониторинг тобының мүшесі ретінде табиғат қорғау ісіне өлшеусіз үлес қосты.

Ғылыми ізденістерінің айғағы ретінде артында 200-ден астам мақала, 10 монография, 15 оқулық, 3 өнертабыс, 8 патенті қалды.



Фото: baq.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT