Елордада Батыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының фермерлері аймақтық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағамен 120 тонна өнім шығарды. Дәстүрлі жәрмеңке «Хан шатыр» СОО жанындағы алаңда өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде өңірдегі 80-нен астам өндірушінің тауарлары ұсынылды, олар 65 тонна сиыр мен жылқы еті, 36 мың дана тауық жұмыртқасы, 20 тонна ұн мен макарон өнімдері, 15 тонна шұжық және консерві өнімдері, 5 тонна балық, 5 тонна өсімдік майы, 3 тонна сүт өнімдері, 5 тонна түрлі сусындар және 2 тонна кондитерлік өнімдер әкелді.

«Жәрмеңкеге 80-ге жуық агроқұрылым қатысады, олар астаналықтарға ет, консервілер, май, ірімшік, сусындар, макарон және басқа да өнімдерді өлкеміздің 12 ауданынан әкелді. Батыс қазақстан облысы - табиғи, сапалы мал шаруашылығы өнімдерімен танымал ірі аграрлық өңір. Мұнда азық-түлік ассортиментінің түр-түрі ұсынылған, өйткені жергілікті ауылшаруашылық өнімдері елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие. Жәрмеңкедегі бағалар әдеттегідей нарықтық бағадан 10-20% - ға төмен, бұл елорда тұрғындары мен қонақтарына өнімді қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді», - деді БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин.

Жәрмеңкеге келушілер төмен баға мен ұсынылған өнімдер сапасының жақсы екенін атап өтуде.

«Мұнда барлық қажетті өнімдер ұсынылған және бағалары қолайлы. Елордада жыл сайын осындай жәрмеңкелер өткізілетініне өте қуаныштымыз, бұл жұмыс болашақта да жалғаса берсін», - деді қала тұрғыны Аскерғазы Жұмағұлов.

Айта кету керек, жәрмеңке кезінде карантин талаптары сақталады: маска режимі, әлеуметтік қашық және қол гигиенасы.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы 31 қазанға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар