+7 (701) 759 90 19
USD 415.57 EUR 505.37
RUB 5.65 CNY 64.47
Jańalyqtar

Елордада бассейннен 21 жастағы қыздың мүрдесі табылды

2021 жылғы 16 қаңтар 15:49
Бөлісіңіз:
Елордада бассейннен 21 жастағы қыздың мүрдесі табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы спорт кешендері бірінің бассейнінде 21 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр Қуғыннан қашып, бірнеше рет апаттық жағдай туғызған жүргізушіге 500 мың теңге айыппұл салынды Танымал гольфші Тайгер Вудс жол апатына ұшырады

«Осы жылдың 16 қаңтарында сағат 10-18-де полицияның кезекші бөліміне елордадағы спорт кешенінің бассейнінде қыз мүрдесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы ақпаратты растады», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта аталған спорт кешені жаттықтырушысының бассейнде қыздың қозғалыссыз жатқанын байқағаны анықталып отыр. Жаттықтырушы қызды судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне масаж жасаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері 21 жастағы қыздың қайтыс болғанын анықтаған.

«Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы 4 адам болған. Қаза болған қыз бассейнге бірреттік абонемент сатып алып келген. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», - деді ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT