Елордада баспана талап еткен көпбалалы аналардың әрекеті заңсыз - әкімдік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада баспана талап етіп, заңсыз шеруге шыққан көпбалалы аналардың әрекеттері заңсыз. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР-дағы бейбіт шеру мен ереуілдерді ұйымдастыру заңының талаптарына сәйкес, бейбіт шеру, митинг, ереуілдерді жергілікті атқарушы органның рұқсатымен ғана жасауға болады. Аталған тұлғаларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан рұқсат берілмеген. Соған қарамастан көпбалалы аналардың жекелеген топтары осындай шерулер арқылы өздерінің жеке басының мүддесін, мәселелерін шешуге тырысып жатыр. Ол толығымен заңсыз. Біз олармен толығымен келіспейміз. Себебі көтерген мәселелердің барлығы заңсыз», - деді басқарма басшысы.

Оның атап өтінше, жергілікті атқарушы орган – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мұндай заңсыз шеруге шыққандардың тұрғын үй мәселесін шешіп бере алмайды. Тұрғын үй мәселесіне қатысты қабылданған заң бар. Барлығы сол заңға сәйкес жүзеге асырылады.

«Аталған заң талабына сәйкес, тұрғын үй алу үшін кезекке тұру қажет. Нұр-Сұлтан қаласында кезекке Тұрғын үй қоры тұрғызады. Сол қорға барып, кезекке тұрып, соған байланысты баспанамен қамтамасыз етіледі. Ал өзінің жеке басының мүддесін шешу үшін заңды белінен басып, шеруге шығып, ереуілдеткен азаматтардың әрекеттерінің барлығы заңсыз. Біз мұны ашық айтамыз», -деді Талғат Рахманберді.



Соңғы жаңалықтар