+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Елордада башқұрт халқының «Йыйын» мерекесі өтеді

2019 жылғы 16 тамыз 08:37
Бөлісіңіз:
Елордада башқұрт халқының «Йыйын» мерекесі өтеді

Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - Елордада башқұрт халқының «Йыйын» мерекесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Шара Башқұртстан Республикасы Әкімшілігінің «Акбузат» башқұрт этномәдени орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен өткізіледі.

Мерекенің мақсаты – Қазақстанда тұратын халықтардың бірлігі мен достығын нығайту, башқұрт халқының мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту.

17 тамызда (18:00-20:30) Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Башқұртстан ресми делегациясының қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Сондай-ақ, түрлі елдердегі башқұрт диаспорасының онлайн-қосылуы жоспарлануда.

Шараның екінші күні 18 тамызда сағат 17:00-де елордалық «Жетісу» саябағында «Йыйын» мерекесінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл күнгі мерекенің қонақтары Башқұртстан өкілдері, ҚР-дағы РФ Елшілігі және Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері.

Мереке барысында Башқұртстан, Ресей әртістері мен Нұр-Сұлтан қаласы көркемөнерпаздарының концерті өтеді. Ойындар, спорттық жарыстар мен көрмелер күтілуде.

Айта кетейік, «Йыйын» - башқұрт халқының ежелгі дәстүрлі әдет-ғұрыптар мерекесі ретінде айрықша маңызға ие. Ол жаз мезгілі мен теңдік белгісі ретінде аталып өтеді. Ерте кезден «Йыйын» мерекесі кезінде жастар арасында түрлі сайыстар өткізіліп, оның жеңімпаздарына айрықша құрмет көрсетілетін.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT