Елордада «Барыс» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді - қалалық ІІД

None
None
АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Астана қалалық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің «Барыс» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жеңгетайлықпен айналысқан 2 адам қолға түскен. 

Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінде өткен баспасөз мәслихатында осы ведомствоның мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Атап айтқанда, елордадағы «Жарқыл» хауызының әкімшісі 3000 теңгеге 25 жастағы Қырғыз Республикасының азаматшасын, ал «Тянь-Шань» хауызының әкімшісі 2000 теңгеге 18 жастағы азаматшаны жыныстық қызмет көрсетуге ұсыну барысында ұсталған. «Бұл орындардың әкімшілерінің үстінен қылмыстық іс қозғау мәселелері қарастырылып жатыр», деді Н.Ораз.

 Қазіргі уақытта елордадағы 20 монша, 15 қонақүй, 25 көңіл көтеру орындары тексерілген. Нәтижесінде жезөкшелікпен айналысқан 30 қыз қалалық ІІД-нің «Образ+», «Папилон» атты арнайы бағдарламаларында есепке алынған. Сонымен қатар, құжаттары жоқ 9 азамат Астана қалалық ІІД қабылдау-тарату орталығына жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар