Елордада «Балуан Шолақ» фильмінің тұсауы кесілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада режиссер Нұргелді Садығұлов түсірген «Балуан Шолақ» фильмінің премьерасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фильмнің тұсаукесеріне елімізге белгілі өнер және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, түсірілім тобының мүшелері мен қалың көрермен қатысты.

«Құрметті өнерсүйер қауым! Бүгін бәріміз үшін тарихи күн десем де болады. Неге десеңіздер, қазақ халқының мақтанышы Балуан Шолақ туралы көркем фильмді назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бұл фильм сценарийінің авторы - жазушы, драматург Дулат Исабеков ағамыз. Сонымен бірге, фильмнің авторының идеясының бас продюссері Сәбит Әбдізалыққа алғысымызды білдіреміз. Режиссер Нұргелді Садығұлов пен басты рөлді сомдаған Еркебұлан Дайыровқа да көптің алғысы мол. Өздеріңіз білетіндей, елімізде бірнеше тарихи фильмдер шығып жатыр. Жақында ғана өздеріңіз «Алтын тақ» фильмін тамашаладыңыздар.Сол секілді «Әміре» фильмі Голливудта ең үздік шетелдік фильм номинациясын жеңіп алды. Көптеген ірі-ірі туындылар шығуда. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында осы шаруалардың атқарылып жатқанын ерекше атап өткім келеді», - деді премьераға келген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
null

Осыдан кейін сөз алған Дулат Исабеков фильмге халықтың қалай баға беретінін атап өтті.

«Премьера алғаш Алматыда өтіп еді. Халық жылы қабылдап жатыр. «Балуан Шолақтың» пьеса түріндегі нұсқасы да біршама көптің көңілінен шыққан еді. Жақсы шығарма туылуы мүмкін. Бірақ, оны көрсете білетін азамат, қолдайтын мемлекет керек. Осы жағынан қасымда тұрған Арыстанбек ініме алғыс айтамын», - деді Дулат Исабеков.
null

Ортада актер Еркебұлан Дайыров та сөз сөйледі. Актер ортаға шыққан кезде министр «Еркебұлан ап-арық әдемі жігіт болатын. Балуан Шолаққа түсу үшін күндіз-түні спорт залдан шықпай, нағыз балуан болды» деп көптің қошеметімен Дайыровты ортаға шақырды.

«2011 жылдан бері Әуезов театрындағы сахнада «Балуан Шолақ» пьесасы сахналанып келе жатыр. Сол спектакльде «Балуан Шолақты» ойнап жүріп, шіркін, осы туынды фильмге айналса деп армандайтын едім. Сол күнге де жетіп отырмыз. Киномыз ғұмырлы болсын», - деді Еркебұлан Дайыров.
null

Фильмнің көрсетілімі екі залда да бірдей өтті. Ине шаншар орын болмауына қарағанда, біршама «кассалық» фильмге айналарына үміт бар. Режиссер Нұргелді Садығұлов Балуан Шолақ өмірінің келімсектерді көшіру кезіндегі жер үшін күрес кезеңі суреттелетінін атап өткен еді. Ендеше, Балуан бабаның күрескерлігіне басымдық берілген фильм кинозалға біршама қауымды тартары сөзсіз.

Еске сала кетсек, 18 сәуірден бастап жалпыұлттық прокатқа шығатын «Балуан Шолақ» фильмінің трейлері жарияланғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Фильмнің прокаты ел ішімен шектеліп қалмайды. Қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан Балуан Шолақ (Нұрмағанбет Баймырзаұлы) туралы фильм Дағыстанда да көрсетілетін болды.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар