Елордада балмұздақ пен сүт өнімдері тегін үлестіріледі

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысында өндірілген ауылшаруашылық саласындағы алғашқы өнімдер Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілді. Жолға шыққан жүк көліктеріне жалпы құны 116 млн. теңгені құрайтын 365 тонна өнімдері тиелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, азық-түліктер мен көкөністер елордалық тұрғындар мен қонақтарға базар нарқынан 10-15 пайызға арзан саудаланатын болады.

«Нұр-Сұлтан қаласын қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы аясында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен маусым айының 1-2 күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Өңірімізде өткен жылдармен салыстырғанда көктемгі дала жұмыстары 1 апта мерзімге ерте басталды. Нәтижесінде қазір 250 мың тонна көкөніс, 22 мың тонна картоп, 1500 тоннаға жуық жеміс-жидек өнімдері өндірілді», - деді Нұрбек Бадырақов.

Аталған шара аясында сондай-ақ түркістандық кәсіпкерлер 16 жасқа дейінгі балаларға табиғи таза балмұздақ пен сүт өнімдерін тегін үлестіретін болады. Игі іс 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай ұйымдастырылады. Ал, жыл соңына дейін Түркістан облысынан дәл осындай ауылшаруашылық тауарларының керуені тағы 4 рет жолға шығады деп жоспарланып отыр.
null

Айта кетейік, облыста ауылшаруашылық саласындағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыруға басымдық беріліп отыр. Мәселен, биылдың өзінде аталған салада алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту бағытында жалпы құны 89 млрд. теңге болатын 480 жобаны жүзеге асыру көзделген. Жоспар орындалса, 4620 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Қазірдің өзінде 130 жобасы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, бүгінде егіс алқаптарынан жылына 2-3 өнім алу мәселесі де назарға алынған. Осы бағытта 69 жоба қолға алынып, оң нәтижеге қол жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар