Елордада балаларға шұғыл медициналық көмек қалай көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының сессиясында елорда әкімінің орынбасары Берік Жәкенов балаларға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетудегі проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмекті жедел жәрдем стансасы, 3 балалар ауруханасы және көпбейінді аруханалардағы акушерлік бөлімшелерде көрсетіледі. Бүгінгі таңда елордада 18 жасқа дейінгі балалардың саны – 424 мың. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 52 мың бала бар. «Қазақстан Республикасы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес, медициналық көмек көрсетудің шұғыл, кезек күттірмейтін және жоспарлы түрі кіреді. Сонымен қатар үш стационарда балалар өміріне қауіп төндіретін жағдайлар, жазатайым оқиғалар, жіті аурулар кезінде, оқиға орнында, жолда тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетіледі», - деді әкім орынбасары.

Осы ретте ол балаларға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуде орын алып отырған проблемаларға тоқталды.

«№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы 1991 жылы салынған. Ғимараты және инженерлік желілері күрделі жөндеуді талап етеді. Осыған орай жобалау сметасы бойынша жөндеу сомасы мемлекеттік сараптамаға сәйкес, 2 млрд теңгеден асады. 4 ақпандағы мәслихаттың шешімі негізінде конкурстың рәсім жариялау үшін 2 млн теңге алғанбыз. Конкурс басталды. Сәуірдің 7-інде шешім қабылдаймыз. Биылғы жұмыс жоспары бойынша 1 млрд теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр», - деді Берік Жәкенов.

Оның атап өтуінше, дәл арухананың зарарсыздандыру бөлімшесінің ғимаратын жөндеуге қосымша 105 млн теңге қажет. Сонымен қатар қаладағы барлық балалар ауруханаларының аулаларын абаттандыру және көгалдандыру керек. Бұл жұмыстар аудан әкімдіктермен бірге жүргізіледі. Мұнан бөлек №3 балалар ауруханасында травматология бөлімшесін ашу қажет.


Соңғы жаңалықтар