Елордада балалардың патриоттық әндер фестивалі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Нұр-Сұлтан қаласы хатшылығы «Жастар жылы» аясында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Алтын күн» атты балалардың II патриоттық әндер фестивалін ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда инфоға сілтеме жасап.

Фестиваль тәрбие мен азаматтық қасиеттерді дамытуға, дарынды балаларды анықтауға және қолдауға, олардың шығармашылық қабілеттерін іске асыруға, сондай-ақ патриоттық ән жанрын насихаттауға ықпал ету мақсатында өтеді.

Балалар фестивалі бағдарламасында Отан, елорда, туған жер туралы әндер шырқалатын болады.

Фестивалге этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздар ұжымы, жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушылар, ансамбльдер, сондай-ақ 6-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысады.

Қазылар алқасы балалар байқауын үш аталым бойынша, яғни 6 жастан 10 жасқа дейінгі «Үздік орындаушы», 10 жастан 13 жасқа дейінгі «Үздік орындаушы», 14 жастан 16 жасқа дейінгі «Үздік орындаушы» аталымдары бойынша бағалайды.

Соңғы жаңалықтар