Елордада балалардың менингитке шалдығуы: Әкімдік түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мағрипа Ембергенова қалада менингитке шалдығу оқиғаларының тіркелуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша биыл 8 айда вирустық менингит диагнозының 240 оқиғасы және бактериялық менингиттің 7 оқиғасы тіркелді. Жалпы, энтеровирустық инфекция маусымдық сипатқа ие ауру. Яғни, жыл сайын тіркеледі. Аурудың маусымдық сипатына орай және қала тұрғындарының өсуіне байланысты ауруға шалдығу көрсеткіші тұрақты. Осыған байланысты қала бойынша ешбір нысанда қандай да бір шектеу шаралары енгізілмейді. Маусымдық мерзім биылғы қарашаға дейін жалғасады», - деді М. Ембергенова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласында балабақшаға баратын екі балдырғанда менингит инфекциясы анықталды. Осыған орай, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов қала тұрғындарына үндеу жариялаған болатын.



Соңғы жаңалықтар