Елордада балаларды дамытудың бірегей орталығы ашылды

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 5‑і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Кеше, қыркүйектің  4‑інде Астанада «Затейники» балаларды дамытудың бірегей орталығы ашылды.

Аталған нысанның бой көтеруі  елорданың әлеуметтік саласында жеке бастаманың жүзеге асуының нақты көрсеткіші болып табылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Орталықтың салтанатты ашылуына Астана әкімдігінің өкілдері, елордалық Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина, қалалық мәслихат депутаттары, бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты. Бұл орталық жеке балабақша есебінде балалардың  қабілеттерін  ашу және дамытуға барынша қолайлы жағдай туғызу мақсатында құрылған.  Білікті педагогтардың қарауында болып,  прогрессивті білім бағдарламасын пайдалану ата-аналарға балаларын мектепке дайындауға және олардың болашақ интеллектуалды  дамуының іргетасын қалауына септігін тигізеді.

 Сондай‑ақ балалар орталығында тәрбиеленуші бүлдіршіндер бірнеше бағытта жетілу мүмкіндігіне ие болады. Бұнда арналған шығармашылық үйірмесі, ағылшын тілі бойынша топтық және жеке сабақ, психолог кеңестері ұйымдастырылады.   Ата-аналарының қалауы бойынша 1-3 сынып оқушылары  ұзартылған күн бойынша топқа келе алады.

 Орталықтың жалпы ауданы 240 шаршы метрді құраса, оның құрылысына тартылған инвестиция көлемі 18 000 000 теңгеге жуықтап отыр.

Соңғы жаңалықтар