Елордада балалар құқығына арналған мурал ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық балалар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және «Балалар бейбітшілік суретін салады» қоғамдық қоры балалар құқығына арналған мурал ашады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Есілдің оң жағалауында балалар Бала құқығы туралы конвенцияның Қазақстандағы 25 жылдығына арнап суреттер салады.

Инклюзия, жанұяның маңызды рөлі және әр бала үшін тең мүмкіндіктер беру жайлы сұрақтарға назар аудару үшін Бала құқықтары туралы конвенцияның әртүрлі баптары суреттің негізіне алынған. Шығармалардың авторы - қазақстандық суретші Әзиз Багиров, қабырғадағы суреттердi Нұр-Сұлтан қаласының балалар өнер мектебінің оқушылары мен оқытушылары салынды.

Соңғы жаңалықтар