Елордада балалар арбасын ұрлаған 27 жастағы келіншектің әрекеті камераға түсіп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полициясына балалар арбасының ұрлану фактісімен жергілікті тұрғын шағымданды. Оның айтуынша, құны 45 мың теңге тұратын арба кіреберістегі баспалдақ астында тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздеу шараларын өткізу кезінде күдікті әйел анықталып, ұсталды.

Полиция бөлімшесіне жеткізілген 27 жастағы әйел өз кінәсін мойындады.

Ол үйдің жанынан өтіп бара жатқанда кіреберістің ашық тұрған есігінен баспалдақтың астындағы балалар арбалары мен велосипедтерді көрген. Әйел мүмкіндікті пайдалана отырып, арбалардың бірін баласына ұрлап әкеткен.

Полиция қызметкерлері ұрланған затты тәркілеп, иесіне қайтарды.

Аталған фактімен сот алдындағы тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Ұсталған әйелдің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындарға қырағы болып, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауын сұрайды.



Соңғы жаңалықтар