+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Елордада балаға дөрекілік танытқан тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды

2019 жылғы 8 қараша 18:13
Бөлісіңіз:
Елордада балаға дөрекілік танытқан тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаға дөрекілік танытқан. Тәрбиешінің балаға дауыс көтеріп, орындыққа жұлқып отырғызғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар» кітабы таныстырылды 2020 жылы ғылым саласын қаржыландыру көлемі екі есеге артады – министр Шымкентте алдағы жылы 1045 дәрігер білімін жетілдіреді

Видеороликті блогер Айда Жексен өзінің Telegram-каналына жариялады.

Видеодан тәрбиешінің қыз баланы қолынан ұстап, орындыққа жұлқып отырғызғанын көруге болады.

«Тез тұр! Тіптен тыңдамайсың! Мында отыр, саған айтып тұрмын!», - деп, дауыс көтереді тәрбиеші қыз балаға.

Тәрбиешісінің дауыс көтеріп, жұлқылағанына шыдамаған қыз бала жылап жіберген. Одан кейін педагог өзін видеоға түсіріп тұрғанын байқап қалған.

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы баспасөз қызметі дөрекілік көрсеткен тәрбиеші уақытша жұмыстан шығарылғанын айтты.

«Қазіргі уақытта тәрбиеші жұмыстан уақытша босатылды. Мектепке дейінгі мекемеде видеоматериал негізінде қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тәрбиешіге де, балабақша басшылығына да қатысты тиісті шаралар қолданылады», - дейді баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT