Елордада балабақша орындарын бөлу жүйесі қашан іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада балабақша орындарын бөлу жүйесін осы аптаның соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайда елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қазіргі уақытта мамандарымыз біздің жүйеге жасалған шабуылдарды тоқтатты. Бүкіл жүйенің және қызметтердің жұмысына қайтадан талдау жүргізілді, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қосымша шара ретінде жабдық пен байланыс арнасының қуатын арттырамыз. Жұмыстарды аяқтағаннан кейін аптаның соңына дейін жүйені іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл туралы ата-аналарға іске қосардан бір күн бұрын хабарлаймыз», - деп хабарлады Білім басқармасы.

Ведомство қауіпсіздік қызметінің барлық қызметі уақытша тоқтатылғанын хабарлады, іске қосылар алдында жаңа кесте жарияланып, түсіндірме жұмыстары да жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар