Елордада «Балабақша – болашаққа бастар жол» фотокөрмесі ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ұлттық музейінде «Балабақша – болашаққа бастар жол» фотокөрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл көрме Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесінің маңызды рөлін көрсетуге арналған. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде педагогтар маңызды рөл атқарады. Олардың еңбегі бағасыз. Бұл көрмеге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы балабақшалардың меңгерушілері қатысуда. Көрмеге балабақша өмірін сипатайтын 200-ден астам жұмыс қойылды. Көрмені ұйымдастырушы, Sultan magazine журналының негізін қалаушы Ардақ Қожатай мен Қаракөз Айдашқа алғыс айтқым келеді», - дейді ҚР Ұлттық музейі экскурсиялық жұмыстар, музей педагогикасы және залдағы сақтау қызметінің басшысы Жанар Беисова.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Әлия Макышева бұл көрме тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылғанын айтты.

«Біз Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының жұмысы, психологиялық ахуалы, тәрюие мен оқыту үдерісі қалай жүзеге асырылып жатқанын көрме арқылы бүкіл қазақстандықтар көретініне қуанып тұрмыз. Балабақша меңгерушілеріне көп алғысымызды білідреміз. Бұл көрмені тәжірибе алмасу деп түсіну керек. Осы көрмеде біздің балаларымыз қандай ортада тәрбиеленіп, қандай ортада өсіп жатқаны туралы, біздің педагогтар қандай жобалармен жұмыс істеп жатқаны туралы көре аламыз», - дейді ол.

Sultan magazine журналының негізін қалаушы Ардақ Қожатай мен Қаракөз Айдаш бұл көрме ұстаздардың құрметіне ұйымдастырылғанын айтты.

«Көрменің негізнгі мақсаты – балабақшалардың тыныс-тіршілігімен таныстыру. Ұстаз деген ұғым – қаситетті сөз. Ол ар-намыс, Отан деген қасиетті сөздермен теңеледі, сондықтан ұстаздардың алдында бас иеміз. Салтанатты шара сіздердің құрметтеріңізге ұйымдастырылып жатыр», - дейді Қаракөз Айдаш.

Ол көрмеге қатысқан балабақша меңгерушілеріне алғыс хат табыстады.


Соңғы жаңалықтар